“Kaspersky day”

11 сәуір, 2017

2017 жылдың 11-ші сәуірінде ҚазҰУ және Касперский зертханасы арасындағы жасалғана келісімге сәйкес «Ақпараттық қауіпсіздік» Орталығы “Kaspersky day” атты семинар-тренинг жүргізді. Іс-шараға 80 ге жуық оқытушы мен студент қатысты.

“Kaspersky day” семинарының басты тақырыбы киберқауіпсіздік. Бұл өзекті мәселенің пәнаралық мағынасы да зор. Тренинг өзекті кибер қауіптер жайындағы дәрістен басталды. Бұл дәрістің спикері Касперский зертханасының оқу жүйесінің менеджері, ақпараттық қауіпсіздік саласынның білікті маманы,  М.В. Ломоносова атындағы МГУ және Н.Э. Баумана атындағы МГТУ -да көп жылдар бойы қытушы қызметін атқарған Юлия Куклина. Дәрістің қызықты мазмұнымен қатар Юлия мотивациялық құрамасына да көңіл бөлді: IT және ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс перспективалары жайында өз ойымен бөлісті.

Дәрістің логикалық жалғасы ретінде  Kaspersky Interactive Protection Simulation (KIPS) атты іскер ойыны да қолданылды. Ойын барысында Юлия студенттермен бизнес-кейстерді талқылап, ақпараттық қауіпсіздік бойынша есептердің шешу жолдарын табуға көмектесті.

Тренингтің соңыңда Касперский зертханасының техникалық эксперті Артур Пакулов «Бағдармалық жабдықтамалардың қауіптерін талдау” атты дәріс оқыды.

Лектор мен “Kaspersky day” семинарының қатысушылары ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша студенттерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Тренингпен қатар механика-математика факультетінде «Ақпараттық қауіпсіздік: оқу бағдарламалары» атты дөңгелек үстел өтті. Механика-математикалық факультеттің және Касперский зертханасының өкілдері 2017-2018 оқу жылында студенттердің оқу пәндері мен оқытушылардың квалификациялық біліктілігін арттыру курстарын жүргізу мезгілдерін және мазмұнын талқылады.  

                                                                                                                                                                              Механика-математикалық факультет