«Фараби әлемі» конференциясының жабылу салтанаты өтті

13 сәуір, 2017

13 сәуір  күні «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалым­дардың халықаралық ғылыми-конференциясының жабылу салтанаты өтті.

Шара Тілек Кетегеновтің «Альтернативті энергетика және «жасыл» технологиялар» тақырыбындағы баяндамасымен ашылып, альтернативті энергетиканың негізгі көзі, оның бағалануы мен қоршаған ортаға әсері және жасыл технологиялар жайы қатысушыларға кеңінен түсіндірілді. Баяндамасында Т.Айтмұханұлы университеттегі атқарылып жатқан ғылыми-инновациялық жұмыстарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ, шара барысында студенттер көкейінде жүрген альтернативті станциялардың ашылуы, атом станцияларының жобасы туралы және өзге де осы тақырып төңірегіндегі сан түрлі сауалдарына жауап алды.

Салтанатты шара әрі қарай мерекелік көңіл-күймен жалғасып, «Фараби әлемі» форумында әр факултьеттің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан кіл мықтылары марапатқа ие болды. Шара соңында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов студенттерді құттықтап, оларға шығармашылық шың мен мол табыс тіледі.

Баспасөз қызметі