«Салауатты ұрпақ» атты жастар акциясы
«Салауатты ұрпақ» атты жастар акциясы
Жастар – елдің болашағы, дені сау жастар – жарқын болашақтың гаранты. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру жолында жастардың салауатты ұлт қалыптастыруына деген қарым-қатынасы да маңызды рөл атқарады. Осы себепті де, Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сенаты мен Қазақстан студенттері Альянсы бірлесе отырып, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, 7-сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Салауатты ұрпақ» атты акция өткізді. Аталған акцияның мақсаты жастар, әсіресе, студенттердің арасында салауатты, белсенді өмір салтын насихаттау. ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткен акцияға Университетіміздің 300-ден аса студенттері қатысып, салаутты өмір салтын ұстану өздерінің өмірлік ұстанымдары екендігін дәлелдеді.