«Ғылым мен білім берудегі жаңа трендтер»
15 сәуір, 2017
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінде 2017 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымына үлкен үлес қосқан, әйгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменоваға арналған «Ғылым мен білім берудегі жаңа трендтер» атты ІІ ғылыми-әдістемелік симпозиум өтті. Симпозиум филология және әлем тілдері факультетінің деканы, филол.ғ.д., профессор Ө. Әбдіманұлының алғысөзімен ашылып, Нидерланды елінің Амстердам университетінің профессоры, PhD докторы, әлеуметтік лингвистика саласының маманы Маргрит Дорляйн, Қазақстандағы «Флагман» бағдарламасының резидент-директоры Грос Александр, «Гуманная педагогика» білім беру орталығының директорының орынбасары, профессор Нұрсұлу Шаймерденова және т.б. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген профессорлар мен ғалымдарының өз ойларын ортаға сала отырып, тіл білімі ғылымының өзекті мәселелерін талқылауымен жалғасты. Авторлары Э.Д. Сүлейменова, М.І. Ақберді және Г.С. Қойшыбаева болып табылатын «Қазақ университеті» баспа үйінде 2016 жылдың аяғында басылып шыққан «Выбор языка и корреляция языковой трансмиссии» атты монографияның салтанатты тұсаукесері болды. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б.Ө. Жолдасбекова жыл сайын Сүлейменова оқуларын өткізуді ұсынды. |
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024