«Мен әйелдер әлемін қалай көремін?»

17 сәуір, 2017

ҚазҰУ шығыстану факультетінің Жас ғалымдар кеңесі Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімшесімен берлесе отырып, «HeForShe» қозғалысын қолдау мақсатында және «Фараби әлемі» Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында «Мен әйелдер әлемін қалай көремін?» тақырыбында жұрт алдында сөз сөйлеуден жарыс өткізді.

Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімшесінің білімді басқару маманы Гүлназ Имамниязова аталмыш байқаудың құрметті қонағы болса, шығыстану факультетінің деканы Баян Жұбатова, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зәуре Искакова, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Рената Құдайбергенова, Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Жанар Әбдіқадырова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы Динара Дәуен, корейтану бөлімінің аға оқытушысы Ақерке Абаған, ирантану бөлімінің оқытушысы Роза Шупанова, қытайтану бөлімінің оқытушысы Алина Нуржаева қазылар алқасынан көрінді.  

Жарысқа шаһардағы 5 жоғары оқу орнынан: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұран Университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Казақ-Америка Университеті және Нархоз Университетінен келген 24 білімгер қатысты. 

Студенттер мен магистранттар 3-минуттық сөзінде әйелдер әлемін қалай көретіндерін әлемнің 7 тілінде – қазақ, орыс, ағылшын, қытай, корей, хинди және парсы тілдерінде жеткізді.  

Байқау нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің 2 курс студенті Мәди Базылбек (1-ші орын), Қазақ-Америка Университеті «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті Александр Бородихин (2-ші орын) және Тұран Университеті «Аймақтану» мамандығының 2 курс студенті Сезім Аубакирова үздік спикерлер ретінде танылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың барлық қатысушыларына да сертификаттар табысталды.

«Мен әйелдер әлемін қалай көремін?» тақырыбында өткен жұрт алдында сөз сөйлеуден жарысқа қатысқан барлық студенттер мен магистранттарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

                                                                                                                                                                Шығыстану факультетінің Жас ғалымдар кеңесі