ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!
Түркия ғылым және ғылыми-зерттеу орталығының ресми орталығы İKSAD - экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты Сіздерді Түркияның ең әсем де, танымал қалаларының бірі Газиантепте 2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында өтетін әлеуметтік ғылымдардың «Әл-Фараби» атты I Халықаралық Конгресіне шақырады.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
İKSAD - Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты (www.iksad.org)
Конференция әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми - зерттеулермен бірге барлық ғылыми салалар бойынша жұмыс істеуге бағытталған.
Конгрессті өткізу мерзімі: 11-14 мамыр 2017 жыл.
Өтетін орны: Газентеп қаласы, 5 жұлдызды Gaziantep Tugcan Hotel қонақ үйі http://www.tugcanhotel.com.tr/
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі:
Мақаланың толық мәтіні – 25 сәуір, 2017 жыл.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, т.б. түркі тілдері, ағылшын, орыс, қытай, араб, парсы тілдері. Конференцияның ғылыми мақалалары Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында жарияланатын болады.
Материалдарды дайындау талаптары
Мақалаланың толық мәтіні (5-10 бет көлемінде) 2017 жылдың 25 сәуіріне дейін қабылдайды.
Кеңейтім компьютерлік файл ретінде Microsoft Word редакторында терілген, шрифт
- Times New Roman, кегль - 12, жоларалық интервал - 1,5, беттің барлық өрістері - 20 мм.
Мақалалар ұйымдастыру комитетінің төмендегі электрондық поштасына жіберіледі:
zharkyn123@mail.ru, damelia_71@mail.ru
Егер Конгресске қатысқан жағдайда – қатысу жарнасы және жинақ - тегін.
Конгресске сырттай қатысып, мақала шығарған жағдайда ұйымдастыру жарнасы – бір мақала үшін -100 доллар, екінші мақала үшін - тегін.
Ескерту: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары үшін ұйымдастыру жарнасы, қонақ үй, үш мезгіл тамақ -тегін.
Ғылыми мақаланы ұсынуға байланысты ескерту:
Мақала ұсынымы (Конгреге қатыса алмайтын жағдайда) 5-10 минут көлемінде бейнетаспаға жазылып, Ұйымдастыру Комитеттің адресіне жіберіледі. Бейнетаспа конференция күндері «Конференцияның бейне залында» YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Мақалаларды тіркеу үшін талаптар
1 жол - ғылыми мақаланың атауы.
2 жол - автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (қою курсив).
3 жол - мекеме (толық атауы). 4 жол - мемлекет, қала
5 жол - электрондық пошта, одан төменгі жолдан мақала мәтіні жалғасады Пайдаланылған әдебиет сілтеме ретінде мәтіннің төменгі бөлігінде әрбір бетте көрсетіледі. Пайдаланған әдебиет тізімі мәтіннің соңында орналастырылады және библиографиялық сипаттау үшін қолданыстағы стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
Халықаралық конференцияға қатысушыларды тіркеу формасы
1 |
Фамилия, аты, тегі (толық) |
|
2 |
Ғылыми атағы, дәрежесі |
|
3 |
Қызметі |
|
4 |
Жұмыс орны |
|
5 |
Мемлекеті, қаласы |
|
6 |
Мекеменің мекен жайы |
|
7 |
Телефон (қаланың коды) |
|
8 |
E-mail: |
|
9 |
Мақаланың атауы |
|
10 |
Қосымша авторлар |
|
11 |
Қонақ үй қажеттілігі (ия /жоқ) |
|
Конференцияға қатысты барлық мәселелер бойынша бізбен хабарласуыңызды өтінеміз. Сізге қызмет көрсету - біз үшін жауапты да, үлкен іс. Төмендегі адрес бойынша тікелей біздің электрондық поштаға хабарласуға болады.