ҚазҰУ студенттері түрік тілінің шеберлері

8 сәуір, 2010

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО студенттерінің қатысуымен түрік тілінің дәстүрлі республикалық олимпиадасы өткен болатын.

Аталмыш шараны ұйымдастыруда Қазақстандағы Түркия Республикасы елшілігінің Білім беру ісі жөніндегі департаменті мен Түрік тілін оқыту орталығы атсалысты.

Республикалық олимпиада негізгі төрт бағытта– тіл грамматикасы (тест), шешендік өнер сайысы, шығарма жазу шеберлігі және ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу негізінде жұмыс істеді.

Олимпиаданың барысында жеңімпаздар анықталып марапатталды. Жүлделі І-ші орынды ҚазҰУ-дың 3-курс студенті Әйгерім Манатқызы жеңіп алып, ҚазҰУ ректорының шәкіртақысына ие болды.

ІІ-ші орынды ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Әлия Ким және С. Демирел атындағы университетінің 1-курс студенті Мақсұт Гатият бөлісті, ал ІІІ-ші орынды ҚазҰУ-дың студенті Еркебұлан Көкен, Қыздар педагогикалық университетінің студенті Динара Ержұманова мен Шет тілдер және іскерлік мамандар университетінің студенті Рахила Есқараева жеңіп алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі