Цифровизация және рейтингтер университеттердің ілгері жылжуы мен даму құралы ретінде

21 сәуір, 2017

"Әл-Фараби" кітапханасында «Цифровизация және рейтингтер: университеттердің ілгері жылжуы мен даму құралы ретінде» атты халықаралық семинар өтті.

 Семинар жұмысына ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Quacquarelli Symonds World University Rankings Агенттігінің сандық маркетинг және контент бөлімінің жетекшісі Наташа Куллинан, Қазақстан жоғары мектебінің ғылым академиясы Республикалық рейтинг агенттігінің басшысы Барлық Шайкенов, Информациялық технологиялар және инновациялық даму Институтының директоры Жаңыл Мамықова және Республика университеттерінің өкілдері атсалысты. Шара барысында  университеттерді дамытудың сандық стратегиясы кеңінен талқыланып, университтерді ілгері жылжыту және электронды ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру,ақпараттандыру стратегиясы жөнінде баяндамалар оқылды. 

Баспасөз қызметі