«Жыл оқырманы -2017»

25 сәуір, 2017

2017 жылдың 27 сәуірінде  әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында студенттердің қатысуымен дәстүрлі «Жыл оқырманы - 2017» атты іс-шараның қорытынды кеші өтеді.

«100 кітап» жобасы 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен әзірленді. Жоба аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік авторлардың классикалық шығармалары таңдалып тізімі жасалды. Мұндағы негізгі мақсат – жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық дамуына, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету, белсенді оқырмандарды анықтап, ынталандыру. 

Жоба басталған бірнеше жылдың ішінде Әл-Фараби атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциялары, шығарма авторларымен кездесу кештері және студенттер арасында сауалнамалар жүргізу сынды бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

2014 жылдан бастау алған әл-Фараби атындағы кітапханасының «Жыл оқырманы» жобасы студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Сайыс-жоба үш кезең бойынша ұйымдастырылып, өткізілуде. 

Іс-шара кезеңдері:

І кезең: Сауалнама толтыру және эссе жазу.

Эссе жазу. Студенттің шығармашылық, қаламгерлік қабілеттері осы кезеңде сыналады. Байқауға қатысушылар «100 кітап» тізіміне енген шығармалардан алған әсерінен туындаған шығармасын жазуы тиіс. Ең үздік эссе (шығармалар) «Әсерлі шығармалар – асыл ойдың өрнегі» жинақ түрінде, сонымен қатар «Қазақ университеті» газетінде жариялануы жоспарланып отыр.

ІІ кезең: Әңгімелесу: 

1)  «100 кітап» тізіміндегі поэзия және прозалық шығармалардан үздік үзінділер оқылады (регламент 3 минут)

2) «100 кітап» тізіміне енген шығармалар бойынша әңгімелесу.

ІІІ кезең: Оқырмандар конференциясы (еркін пікірталас алаңы).

Алдымыздағы 27 сәуір күні өткізілгелі отырған кеш 2016-2017 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және «Жыл оқырманы - 2017» сайысының жеңімпаздарын марапаттау кеші болмақ. Кеш барысында үздік (ең көп кітап оқыған, жан-жақты білімді, қазақ және шетел әдебиетін жетік білетін) оқырмандар университет басшылығы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шара барысында кітап баспаларының көрмелері ұйымдастырылады.

Сайыстың демеушілері: ҚР Жазушылар Одағының мүшелері,  «Қазақ университеті баспасы», «Step by step» тіл курсы,

 Жоба жетекшісі: Туенбаева Қалима Төлеубайқызы, әл-Фараби кітапханасының директоры

Жоба үйлестірушілері: Мукашева Шынар Батырханқызы, Манапбаева Жұлдыз Бекболатқызы, Көбегенова Құндыз, Шығанбаева Жұлдыз

 

Ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы

Өтетін жері: әл-Фараби кітапханасы, 3-қабат, 308-бөлме 

Өтетін уақыты: 2017 жыл, 27 сәуір, сағ. 16.00- 17.30