«Табысқа апарар жол» - бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті
26 сәуір, 2017
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Табысқа апарар жол» - бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті. ҚазҰУ түлектеріне жұмыс беруші серіктестердің қатарына Қазақстанның және шет елдердің көшбасшы компаниялары мен ұйымдары кіреді. Аталмыш компаниялар жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2000-нан астам түлектерін жұмыспен қамтамасыз етсе, 3000-нан аса студенттеріне тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп отыр. Жыл сайын өтетін бұл жәрмеңкені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері мен жұмыс берушілердің кездесу алаңы іспеттес. Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп жатқан жәрмеңкенің жұмыс беруші серіктестерінің саны жыл сайын артуда. Биылғы жылы шараға 70-тен аса ұйым қатысып отыр. Негізгі мақсат – ҚазҰУ түлектерін жұмыспен қамту.
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024