2017 жылдың 29-31 наурызында «5В020500-Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың» екінші кезеңі өтті. Олимпиада: Командалардың мамандықты таныстыруы (І тур); Таңдалған тақырып бойынша ауызша тілдік (морфологиялық: дәстүрлі, сатылы; синтаксистік: құрылымдық, коммуникативтік аспектіде) және әдеби (құрылымдық және идеялық) талдау жасау (ІІ тур); Таңдалған тақырып бойынша эссе жазу (Ш тур); Таңдалған тапсырмалар бойынша ғылыми жобалау жасау (ІV тур) тапсырмаларынан тұратын 4 кезеңді қамтыды. Олимпиада шарты бойынша Республиканың 12 университетінен І турдан үздік нәтиже көрсеткен 36 студент қатысты: 1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 3. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 4. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 5. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 6. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 7. Қожа Ахмет Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 8. Сүлеймен Демирел атындағы университет 9. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 10. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 11. Қорқыт ата атындағы ҚМУ 12. Абай атындағы ҚазҰПУ Олимпиадаға қатысушылардың 1, 2 кезеңнің тапсырмаларын орындау нәтижесін қарастыра отырып, байқау комиссиясы «5В020500-Филология: қазақ тілі» мамандығында оқитын келесі студенттерді марапаттауды шешті:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің I дәрежелі дипломымен – 1 студент
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Г. Молдағалиева конкурстан тыс қатысып 490 балл жиынтығымен үздік нәтиже көрсетті. 1. Байысхан Арай, 4 курс студенті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Жалпы балл жиынтығы – 482.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің II дәрежелі дипломымен - 2 студент 1. Зайнуллин Ақжол Муратович, 3 курс студенті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Жалпы балл жиынтығы – 474.
2. Сейтбек Асыл Сейтбекқызы, з курс студенті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Жалпы балл жиынтығы – 466.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің III дәрежелі дипломымен - 3 студент
1. Байғабылова Гүлнұр, 4 курс студенті, Сүлеймен Демирел атындағы университет. Жалпы балл саны – 465. 2. Ажбенов Ерасыл Курмангалиұлы, 2 курс студенті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Жалпы балл саны – 462. 3. Дюсекова Кәмшат Ергуатқызы, 3 курс студенті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Жалпы балл саны – 460.
|