«Ғылым-білім-өндіріс»

27 сәуір, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ. Мұтановтың бастамасымен Елбасы Н. Назарбаевтың «ақылды экономика» нақты субъектілерін және білім, ғылым және бизнестің интеграциясы арқылы білімге негізделген экономиканы құру бойынша қойған тапсырмаларын іске асыру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғалымдарының Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу шеңберінде облыс әкімдігінің қолдауымен, инвестициялық жобалар мен инновацияларды енгізу бойынша қозғаушы күштердің бірі болып табылатын, Оңтүстік Қазақстан аймағы экономикасының нақты секторына енгізуге дайын 20-дан астам перспективті әзірлемелер ұсынылған университет ғалымдарының тәжірибелік-құрылымдық және инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі қорытындысы ОҚО әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың төрағалығымен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, инновациялық идеялардың авторлары, кіші бизнес өкілдері, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Ғылым-білім-өндіріс» атты дөңгелек үстелдің өткізілуі болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ОҚО кәсіпорындарының ішінен кейбір серіктестерінің баяндамалары тыңдалды, жекелей «Химфарм» АҚ химика-фармацевтикалық зауыты түрлі дөрі-дәрмектерімен салыстырғанда жоғары вирусқа қарсы белсенділікке ие «Лимонидин» субстанциясы негізінде инфузиондық ерітінді өндірісіне дайындығын білдірді. «Химфарм» АҚ Қазақстан территориясында қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрына енгізілгендіктен және ҚР денсаулық сақтау Министрлігінде тіркелгендіктен өндіріске аса перспективті болып табылатын университет ғалымдарымен алынған «Лимонидин» отандық бірегей жақпа майының өндірістік шығарылуын жүзеге асырғанын айтып кету керек.

Бүгінгі таңда университет ғалымдарымен, фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді тарату бойынша дәріханалар желісі бар «Planta» ЖШС компаниясымен әртүрлі ББҚ-ларды бірлесе өткізу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми-технологиялық парк базасында отандық ғалымдармен әзірленген нанокапсулаларды «Рауан» Ғылыми - өндірістік орталығы» ЖШС бірге жылжыту туралы уағдаластық орнатылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оңтүстік Қазақстан аймағындағы өзге де кәсіпорындармен бірлескен қызметтері бойынша оң тәжірибеге ие. Мысалы, «Шымкент құс» ЖШС құс фабрикасымен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың өнімділігін арттыру үшін микробалдырлар негізінде алынған биологиялық активті қоректік қоспалар мен биостимуляторларды әзірлеу мен өндіріске енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ордабасы құс» ЖШС фабрикасында күркетауықтарды өсіру үрдісінде қолданылатын және таңдалған құстың генетикалық потенциалын толығымен пайдалануға мүмкіндік беретін гендік инженерия да серіктестікке арналған бағыттардың бірі болып табылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ. Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың және Оңтүстік-Қазақстан өңірінің үлкен мүмкіншіліктерге ие екенін атап өтіп, өнеркәсіп кәсіпорындары мен бизнес-құрылымдарды университетпен белсенді серіктестікке және осындай кездесулерді жыл сайын ұйымдастыра отырып басқа да аймақтардан қатысушылар санын өсіруге шақырды. Әкімнің айтуы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист, Шығыстың «Екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидың атымен аталатын, барлық заманауи халықаралық талаптарға сай келетін Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының қолбасшысы бола отырып, тек қана тау-кен металлургиялық және мұнай өңдеу салаларында ғана емес, ІТ-техенологиялар мен гуманитарлы ғылым бағыттарында да серіктестіктің басты әріптесі болып табылады. Жалпылама айтқанда, ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған жоспарларын қолдай отырып, әкім басты назарды территориясында 80%-дан астам археологиялық объектілер орын алып жатқан ұлттық ескерткіштер мен ауданның тарихи орындарын зерттеуге аударды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, меморандум аясында, облыс әкімі экономикалық сәйкес келетін технологиялар мен жаңа материалдарды енгізе отырып тау-кен металлургиялық, нефтехимиялық, химия өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібінің негізгі базасы Оңтүстік Қазақстан облысының әрі қарай дамуына бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Меморандумда белгіленген серіктестіктің негізгі бағыттары негізінен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауының басты басымдықтарын орындауға негізделген және болашақта Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіруіне ықпал етеді.

 

Баспасөз қызметі