Медиация және сот отырыс залы ашылды

28 сәуір, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық сот төрағасының қатысуымен медиация және сот отырыс залының салтанатты ашылуы өтті.

Сот отырыс залының тұсаукесерін жасаған Ақжан Ештай ең үздік университетте арнайы аудиторияның ашылуы аса маңызды шара екенін атап өтті. Студенттер арнайы жабдықталған сот отырыс залында тәжірибелік сабақтар алатын болады.

Заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдиновтың пікірі бойынша ашылған сот мәжілісі және медиация оқу аудиториясы студенттердің алып отырған білім сапасын арттырып, сот жұмысының маңыздылығы мен ерекшелігін түсінуге септігіп тигізеді. Тәжірибелік сабақтарға сот органдарының қызметкерлері, прокуратура, адвокатура, медиатор және басқа да тәжірибелі мамандар тартылады.

Ректоратта студенттермен өткен кездесуді ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева ашып, жұмыс уақытын арнайы бөліп «Ұлт Жоспары» аясында сот жүйесін реформаландыру тақырыбымен студенттерге лекция оқуға келген Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Жайлауханұлына алғысын білдірді. Проректор өз сөзінде заң факультетінде ашылған жаңа аудиториясында студенттердің теориялық білімдерінің шыңдалуына және соттың риторикалық дағдыларына үйренетіндігіне назар аудартты.

Студеттер мен ұстаздар үшін арналған лекцияда Ақжан Ештай екінші институционалды реформа аясында сот жүйесіне жүктелген 10 мақсатты істердің орындалуы  туралы баяндады.

Қалалық сот төрағасы сондай-ақ үш деңгейлі сот жүйесінің жаңа заңнаманың енгізілуі барысындағы жұмысына, құқықтық Академияның құрылуы жайында, сот отырысы институтының алқабилері қызметінің кеңейтілгендігін туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мәселен, заманауи технологиялардың енгізілуі бірсыпыра бюрократиялық тосқауылдар мен азаматтардың сот органдары қызметкерлері арасындағы байланысты азайтты.

Барлық жаңартулар мен өздерістер қарапайым азаматтар үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Лекция барысында студеттер үшін сот қызметі мен заңнамалық өзгертулер мен толықтырулар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Басқосуға қатысқан Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот коллегиясының азаматтық істер жөніндегі төрағасы Бақыт Мәлік-тегі   Елбасшысы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспарында белгіленген тапсырмалар мен міндеттеріне сәйкес келетін жаңадан қабылданған Азаматтық процессуалдық Кодексінің нормаларына тоқталды. Ол атап өткеніндей, Кодекс құқықтық тұрғыда әлеуметтік қайшылықтар мен қоғамдық келісімді сақтап қалуға бағытталған.

Кездесудің соңында қонақтар студенттердің көптеген сауалдарына жауап беріп, «Қазақстанның сот реформасы: Кеше. Бүгін. Ертең» атты кітабын сыйға тартты.