Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің экономикасы
Корейтанушы студенттерге арналған Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің экономикасы туралы арнайы дәріс оқылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Канынвонджу Университетінің «Солтүстік-шығыс Азия елдерінің саясаты және экономикасы» атты арнайы дәрісі өтті. Бұл дәрісті Канынвонджу Университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, профессоры Ким Енг Сик оқыды. Лекцияның өткізілу мақсаты студенттерге Солтүстік-шығыс Азия елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынастары туралы мәлімет беру болып табылады. Бұл лекцияны корейтанушы студенттер мен профессорларымен қатар өзге кафедра студенттері де тыңдады. Сонымен қатар бұл лекция тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, көптеген сұрақтар қойылды. Студенттер Солтүстік-шығыс Азия елдерінің қазіргі экономикалық жағдайы туралы көптеген жаңа мәліметтер алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бұл кездесу біздің университетіміз бен Канынвонджу Университеті арасындағы болашақта қарым-қатынастың дамуына өз септігін тигізеді.
Қиыр Шығыс кафедрасы