Nauryz festival

3 мамыр, 2017

Наурыз – көктемдік жаңару мен күн мен түннің теңесуін білдіретін мейрам. Қазақ халқы үшін бұл мейрам тек көктемдік жаңарудың ғана емес, сонымен қатар, махаббат, достық пен берекенің белгісі. Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Nauryz Festival-ды жыл сайын атап өтеді. Себебі, болашақ дипломат үшін басқа халықтардың мәдениет, салт-дәстүр ерекшеліктерін білу және сезіну маңызды.

Шараның мақсаты – әлем халықтарының ұлттық салт-дәстүрлерін тану, мәдени және рухани әртүрлілігін ағылшын тілі арқылы көрсету.

Мереке ұлттық тағамдардан дәм татып, халықтың салт-дәстүрі мен өмірін өз көзімен көруге, музыкалық аспаптар әуенінен әсер алып, әр халықтың қонақжайлылығын сезінуге мүмкіндік берді. Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар, Армения, Италия, Корея, Грузия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Германия және т.б. ұлттар мен конфессия өкілдері өнер көрсетті. Көп ұлтты мерекенің негізінде әр тіл бүкіл халықтық мәдени мұраның, әр мәдениет әлемдік өркениеттің бір бөлігі екендігін көруге болады. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: әлем рухы, мәдениеті және келісімі» және бұл мереке ТМД-дағы басқа елдермен салыстырғанда тек Қазақстанда ғана біріккен ұлт пен ортақ рухтың ықпалымен тәуелсіз өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді.

 

Дипломатиялық аударма кафедрасы