ҚазҰУ-ға БҰҰ (UNAOC) төрағасы келеді.
2017 жылдың 8 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға БҰҰ (UNAOC) Өркениеттер Альянсының жоғарғы төрағасы Насир Абдулазиз Әл-Насер келеді.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнына сапары барысында ол тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын және ЮНЕСКО-ның Аймақтық Хабын басқаратын ҚазҰУ қызметімен және жетістіктерімен танысып, оқытушы, студенттермен кездесіп, оларға БҰҰ Өркениеттер Альянсының жұмысы жайлы баяндайтын болады. Тұңғыш рет аса жоғары дәрежелі БҰҰ өкілі біздің елімізге ресми сапармен арнайы келеді.
Насир Абдулазиз Әл-Насер өз хатында университет басшылығына алғыс білдіріп, «Үздік жоғары оқу орындардың бірі болып табылатын осындай беделді университеттің оқутышылары мен студенттерінің алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Сіздердің университеттеріңіз секілді оқу орындары мәдениет диалогында өмірлік маңызды рөл алатындығын UNAOC мойындайды», - деп атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын басқара отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының өзіне жүктеген міндеттерін нәтижелі орындауда. Осылайша, ҚазҰУ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» және G-Global бастамаларының энергоэкологиялық стратегиясына қолдау ретінде ТМД университеттері ішінде жалғыз RIO+20 Әлемдік саммитінде секция ашу жоғары құрметіне ие болды. Университет тұрақты даму мәселелері бойынша ІІІ Азия университеттері ректорларының форумын ұйымдастырды. ҚазҰУ «Жаңа жібек жолы - БҰҰ Моделі» бүкіләлемдік студенттік ойынның бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ, Колумбия университетімен бірлесіп тұрақты даму бойынша мамандар даярлайтын «MDP Global Classroom» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда.
2015 жылы Сеулде (Оңт. Корея) өткен «БҰҰ академиялық ықпал» атты екінші форумында Біріккен Ұлттар ұйымының хатшысы Пан Ги Мун тұрақты даму бойынша БҰҰ жаһандық хабын басқарып келген ҚазҰУ-дың қызметіне жоғары баға берді. БҰҰ-ның 70-жылдық мерейтойы шеңберінде ҚазҰУ «START International conference» атты конференция жұмысын аталмыш халықаралық беделді ұйымның штаб-пәтерінде ашу мәртебесіне ие болды.
2016 жылы университет БҰҰ Өркениеттер альянсы VII Ғаламдық форумына белсене қатысып, «Әл-Фараби – өркениет философы» секциясын ашты және ізгілікті қоғам дамуының тұжырымдамасын ұсынып, шетелдік ғылыми элита арасында жоғары бағаға әрі қолдауға ие болды. ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен 2020 жылды «Әл-Фараби жылы» деп жариялау идеясын және Ұлы философтың 1150-жылдық мерейтойына орай халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуге бастамалық етіп, оны ілгері жылжытып келеді.
Өтетін уақыты мен орны: сағат 11:00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректораттың мәжіліс залы (15 қабат).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі 8 (727) 377 31 48
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Баспасөз қызметі
8 (727) 377 31 48