Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ең қызықты әрі ауқымды шаралардың бірі «Мr&MS KazNU – 2017» байқауы өтті. Бұл жолғы сайыс «Мистер ҚазҰУ» байқауының алғаш рет ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.
Екі айға созылған байқауда Мисс және Мистер атағын иелену үшін әр факультеттен 7 ару мен 7 жігіт бақ сынасты. Жеңіске жету жолында олар біршама күш салып, қажыр-қайрат жұмсады. Атап өту керек, жартылай финалда 20 жігіт пен 20 қыз болса, ақтық сынға бар-жоғы 14 үміткер өткен.
Байқау барысында қатысушылар
- тіл білу;
- өнер көрсету;
- дефиле
кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары ғана жеңіс тұғырынан көрінді.
Байқау қортындысына сәйкес, халықаралық қатынастар факультетінің 3-курс студенті Салтанат Байқұлова Мисс КазҰУ -2017 атанса, алғашқы Мистер ҚазҰУ-2017 құрметіне химия және химиялық технологиялар факультетінің 4-курс студенті Самархан Абдуғалиев ие болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!