Ынтамақтастық келісіміне қол қойды
ҚазҰУ Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен ынтамақтастық келісіміне қол қойды.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 27 қадамын орындау аясында Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық келісімін орнату ресми рәсімі өтті.
Ынтымақтастық Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының институтын дамыту және атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, білім беру және құқық қолдану тәжірибесінде іскерлік қарым-қатынасты дамытуды болжайды, сондай-ақ, бірлесіп жобалар мен сертификат беретін білім арттыру курстарын ұйымдастыруға және өткізуге, мен тәжірибе алмасуға бағытталатын болады.