Қазақстан жастары БҰҰ Өркениеттер альянсі жобаларына қатыса алады

12 мамыр, 2017

«Қазақстан БҰҰ Өркениеттер альянсінің белсенді мүшесі болып табылады және әлемдегі тұрақты дамуға қол жеткізу үшін зор үлес қосуда. Сіздердің көшбасшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпаққа үлкен қолдау көрсетуде. Қазақстан жастарының білім алуы және ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Біз олардың Альянс жобаларына қатысу ниеттерін қолдайтын боламыз», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен кездесуде БҰҰ Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі  Насир Абдулазиз әл-Насер.

БҰҰ Өркениеттер альянсі басшысының ҚазҰУ-ға сапары барысында ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойылды. Мәртебелі мейман университет қалашығымен танысты. Әл-Фараби мұражайында болып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында жастармен пікір алмасты.

ҚазҰУ жасыл технологиялар орталығын аралаған БҰҰ Өркениеттер альянсінің басшысы ғалымдар мен студенттердің Астанада Бүкіләлемдік көрмеде қойылатын энергия үнемдеу саласындағы жобаларына үлкен қызығушылық білдірді. Әлемдік деңгейдегі айтулы оқиғаның құрметіне ол «ЭКСПО – 2017»  университеттік аллеясына ағаш отырғызды.

  

Баспасөз қызметі