Интеллектуальдык ойын «ChemIntel»

12 сәуір, 2010

5 ақпанда 2010 жылы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінде 5 студенттен құрылған 15 команданың арасында таңдамалы тур болды. Жақсы нәтиже көрсеткен 6 команда «Н2О», «В-52»,«Прорыв», «До лампочки» капитан Жарыбаев Ербол, 1 курс, «Позитрон» капитан Райханова Мадина, 1 курс, «Двойной эффект» капитан Сарсенова Асель 1 курс. Таңдамалы турда қазылар алқасы болған бейорганикалық химия кафедрасының доценті Балғышева Б.Д. және аға оқытушы Уралбеков Б.М.

2010 жылы 27 ақпанда сағ.1500 КБТУ ғимаратында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, КазНТУ және КБТУ үш университеттің 1-3 курс студенттерінің қатысуында «ChemIntel» интеллектуалды ойынның 2-ші туры болды.

Бұл турда қазылар алқасы болған бейорганикалық химия кафедрасының профессоры Романова С.М. Қызықты ойынның нәтижесінде жеңген командалар:

- 1 орын команда әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Н2О» (капитан Асилов Алибек);

- 2 орын команда әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «В-52» (капитан Трусов Иван);

- 3 орын команда КазНТУ;

- 4 орын команда әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Прорыв» (капитан Байдуллаулы Азамат).

1-ші және 2-ші орын алған химия факультетінің студенттерін құттықтаймыз!