Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017 жылдың 20 мамырында ҚР Парламентінің Сенат депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) Президиумының отырысы өтеді.
Шара барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының талаптары мен басым бағыттары талқыланып, Н. Абықаевтың «Приоритеты устойчивого экономического развития на этапе новой (третьей) модернизации Казахстана» атты кітабының тұсаукесері болады.
Отырыста баяндама оқитындар: ҚазЖҒҰА президенті Н. Абықаев, ҚР Президенті кеңесшісі В. Школьник, ҚазҰУ ректоры Ғ. Мутанов, «Еуразиялық ғалымдарының экономикалық клубы» қауымдастығының Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары С. Нөгербеков, «Самрук Энерго» АҚ басқарма төрағасы А. Сатқалиев және т.б.
Іс-шара аясында Республикалық ҚазҰЖҒА ҚБ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылады. Құжаттың басты мақсаты – стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын орнату, білім және ғылыми-техникалық қызметін жандандыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Шараның өтетін уақыты мен орны: сағат 12:00, Алматы қаласы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғ., ректорат 15 қабат (мәжіліс залы)
Байланыс телефондары: 8 (727) 377-31-48