Республикалық студенттер олимпиадаларының нәтижесі

13 сәуір, 2010

Республикалық студенттер олимпиада математика, механика ,информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу пәндер жеңімпаздары анықталды

10-11 сәуірде 2010 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика- математика факультетінде Республикалық студенттік пәндік олимпиада - математика, механика ,информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу пәндерінен өтті. Бұл дәстүрлі шара ғылымға, білімге деген жастардың құштарлығын арттыруды білдіреді.

Олимпиада да жеке және командалық сайыста дарынды студенттердің еңбектерін университеттер өкілдерінен тұратын әділқазылар алқасы бағалады Оған еліміздің шығысы мен батысын, оңтүстігі мен солтүстігін қамтитын 13 жоғары оқу орнынан құрамында 146 студенті бар, математика мамандығы бойынша 8 (34 студент) команда, информатика мамандығы бойынша 10 (43 студент) команда, механика мамандығы бойынша 2 (21 студент), математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша 4 (47 студент) команда қатысып, өз білімдерін сынады. Барлық қатысушыларға сертификат, жеңімпаздарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің дипломдары мен бағалы сыйлықтар берілсе, І-ші орын жеңімпаздарына Эйч-Си және НАТ компаниялары Ноутбуктерді сыйға тартып, ал механика- математика факультетінің информатика мамандығының студенті Кутыбаев Мансурға НАТ компаниясы өзіне жұмысқа шақыру сертификатын салтанатты түрде тапсырды.

І-ші орынды

математика мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының студенті Утешев Дильшат Райканович, механика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Арипбаева Жазира ,

информатика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Кутыбаев Мансур, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Абылкасымова Айжан жеңіп алды.

ІІ-ші орынды

математика мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының студенті Нурсултанов Медет Ерланович ,

механика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Укан Арай,

информатика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Карасаев Мағжан, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Кудайбергенов Аскар жеңіп алды.

ІІІ-ші орынды

математика мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Бирликов Шохан Тайбекович ,механика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Мәдикен Нурзия , информатика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Проскуряков Александр , математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Будаева Дина жеңіп алды.

Командалық орындар

І-ші орынды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы

ІІ-ші орынды

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының командасы

ІІІ-ші орынды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің командасы командасы иемденді.

Сондай- ақ, 11 сәуірде 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика- математика факультеті жастардың интернет орталығында АСМ форматы бойынша On- line режимінде 51 командадан тұратын – 153 оқушылар мен студенттер арасында программалаудан MechMathOpen 2010 ашық олимпиадасы өттіп жеңімпаздары анықталды

І-ші орынды

“РСФМШИ-1” әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы -Жалғасбаев Жанболат, Ақжолов Дархан, Алдан Али- Амир,

ІІ-ші орынды

“Kazakh-British TU – 15” Қазақ - Британ техникалық университетінің командасы – Ли Володя, Уткербаев Ержан, Есмуханов Даурен,

ІІІ-ші орынды

“Kazakh-British TU – 12” Қазақ - Британ техникалық университетінің командасы – Бекетаев Серік , Мұхамаджанов Жомарт, Сайлауов Төлеби иемденді.