Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы мен Еуразиялық зерттеу Орталығы I Халықаралық Ибрашев оқулары «Еуразиялық интеграция XXI ғасырдың бастамаларына жауап ретінде» ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді. Аталмыш конференция ұлы ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстандағы еуразиялық интеграция және еуропалық зерттеулердің және халықаралық қатынастар факультетінің негізін қалаушы, ҚазҰУ-дағы Еуразиялық зерттеу орталығының тұңғыш жетекшісі Жарас Омарұлы Ибрашевке арналады. Конференцияда қазіргі халықаралық қатынастар және аймақтық үрдістер контексіндегі еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері, еуразиялық ұқсастық, қоғамдық сананың модернизациясы секілді тақырыптар бойынша сөз қозғалды. Шараның жұмысына дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының, аналитикалық орталықтардың, қоғамдық ұйымдардың ғалымдары қатысты.
Конференция шенберінде Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері, қоғамдық сананың модернизациясы, әдістемелік секция тақырыптарына арналған секциялық отырыстар өтті. Іс-шараға ҚазҰУ Халықаралық Қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.