«Медиа және РR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» жазғы мектебі

30 мамыр, 2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Медиа және РR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты II Халықаралық РR Жазғы мектебі өткізіледі.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған Жазғы мектепке АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Турция, Ресей бұқаралық коммуникация зерттеушілері, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, PR мамандары қатысады.

Шара аясында шетелдік және қазақстандық журналистер, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізіледі. Сондай-ақ, Жазғы мектепке қатысып, өз тәжірибесін шыңдағысы келетін барлық азаматтар тіркеуден өткен жағдайда шеберлік дәрістеріне қатысу тегін.

Шеберлік сыныптарының негізгі спикерлері: «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Жұмабек Кенжалин; Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов; ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Алуа Мырзаханова; Интерньюс Қазақстан редакторы Назгүл Қожабек; АҚК коммуникация жөніндегі Басқарушы Директоры Қуат Домбай; продюсер, тележүргізуші Салтанат Қалиева; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы; филол.ғ.к., «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Есенгүл Кәпқызы; «Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшы Ербол Азанбек; «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова;  Қазақ радиосы Алматы студиясының бас редакторы Мұрат Мұқаш; «Заң» газетінің Бас редакторы Бекжан Әшірбаев; «Ұлан» газетінің Бас редакторы Жұлдыз Әбділда; «Гүлстан» журналының PR-менеджері Батима Қабдолданова; Alma TV  жарнама және PR директоры Адильбек Махмед; Астана Банк PR-менеджері Әлия Боранбаева; «Эйр Астана» авиакомпания корпоративтік коммуникация департаментінің маманы Нәзира Қайымова; «Кселл» АҚ PR-маманы Салтанат Бердіқұлова және т.б. дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

II Халықаралық РR Жазғы мектебінің басты бағыттары:

 Қаржылық капитал – абырой-беделді басқару;

 PR және SMM: өзара тиімді қызмет;

 Ақпаратты реттеу және БАҚ заңнамасы;

 PR трендтері 2017;

 Медиарилейшнз. Жаңа медианың мүмкіндігі;

 Дағдарыс жағдайындағы PR. Дағдарыс жағдайында коммуникацияны басқару.

 Редакция менеджменті мен маркетингін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері;

 Азаматтық журналистиканың пікір қалыптастырудағы рөлі;

 Ақпараттық сайттарға контент дайындау тәсілдері т.б.

 

Өткізілетін күні: 2-4 маусым, 2017 жыл. Басталуы сағ. 11:00

Өткізілетін орны:  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; Әл-Фараби Кітапханасы

Шараның ресми серіктестері:

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы;

БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті;

ЖШС «Қазақ газеттері»;

Тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені;

Әл-Фараби кітапханасы;

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ;

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ҚҚ;

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры;

Халықаралық «MediaNet» журналистика орталығы.

Байланыс телефондары: 8 (727) 377 34 43; 8 (727) 221 13 44; 8 701 993 90 07

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі

Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова

e-mail: Nazgul.Shyngysova@kaznu.kz; nazgul_71@mail.ru