«International Education Fair 2017» Халықаралық білім беру көрмесі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2017 жылғы 23-24 маусымда Астана қаласында (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52) және 2017 жылғы 26-27 маусымда Алматы қаласында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы, әл-Фараби даңғылы, 71) «International Education Fair 2017» халықаралық білім беру көрмесін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу, шетелдегі білім беруді дәріптеу, сонымен қатар халықыралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу мақсатында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Көрме бағдарламасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің қатысуымен салтанатты ашылу шарасы, қазақстандық және шетелдік университеттер арасында меморандумдарға қол қою рәсімі, шетелдік жоғары оқу орындарының қазақстандық білім беру агенттіктерімен В2В-кездесуін өткізу қарастырылған.
Халықаралық білім беру көрмесі жұмысына Қазақстан Республикасының министрлері, жоғары қызметтегі тұлғалар, оның ішінде Орталық Азия мен Еуропа одағы елдерінің білім беру министрлері, 500-ден астам қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдері), тілдік мектептер, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендия бағдарламалары, сонымен қатар мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының шетелде оқу тағылымдамадан өту бағдарламаларына қызығушылық танытқан түлектері қатысады.