ҚазҰУ-да халықаралық жазғы мектеп жұмысын бастады
«Аймақтық және трансаймақтық перспективасындағы Орталық Азиядағы қауіптер мен қақтығыстар» тақырыбында халықаралық қатынастар факультетінің жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Жазғы мектеп әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Филипп атындағы Марбург университетінің (Германия) ынтымақтастығымен ұйымдастырылуда.
Шараға Қазақстанның, Германияның және Қырғызстанның 30 студенті қатысады. Модульдық бағдарлама бойынша оқу процессін Марбург Университетінің, ҚазҰУ, Қазақстан-Неміс Университетінің (ҚНУ), Орталық Азиядағы Американдық Университетінің (AUCA, Қырғызстан) 10 профессоры мен оқытушылары қамтамасыз етеді.
Жазғы мектептің тақырыбы аймақшылдық концепциясын жаңадан ұғынуды, Орталық Азиядағы қақтығыстар мен қақтығыс мүмкіндіктерін қолданбалы зерттеу мақсатында жаңа ұғымдық аппарат еңгізуді талап ететін, Батыстағы әлеуметтік және саяси ғылымындағы проблемалық салалын зерттеуге бағытталған. Жазғы мектеп аясында Орталық Азия мемлекеттерінің салыстырмалы контекстіндегі қақтығыстардың қазіргі өзгерістерін ұғыну бойынша, сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы алдыңғы қатарлы акторлардың болашақтағы рөлін және көршілес елдермен қарым-қатынасын айқындау бойынша дискуссиялар өткізу жоспарлануда.
Баспасөз қызметі