Алматы қаласының І Инновациялық конвенті

14 сәуір, 2010

2010 жылдың 15 сәуірінде сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында І Инновациялық конвенті өтеді. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық ұлт құру қажеттілігі жөніндегі идеясы арқау болды.

Конвенттің мақсаты қоғамдық, ғылыми және білім беру саласын, БАҚ өкілдерін мемлекеттің инновациялық даму мәселелеріне назар аударту. Соның ішінде отандық экономиканың өндірістік секторына жоғары технологиялық жобаларды жедел енгізуге мүмкіндік береді.

Инновациялық жобалардың көрмесі - жоба жасаушы мен инвестор арасындағы шарттық қатынастарды жедел талқылауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Көрменің тақырыптық әр түрлілігі инновация аясындағы өз орнын табуға, сондай-ақ жоба иелеріне ұсынып қана қоймай, кең ауқымда студенттік, ғылыми, кәсіпкерлерік және шығармашылық қауымдастық өкілдеріне түсінікті түрде жеткізу.

Шараның маңыздылығы – жоғары оқу орындарының тарапынан жобаға қатысатын студенттердің инновациялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары белсенді түрде арта түсіп, факультеттерде арнайы мамандандырылған ғылыми-зерттеу кластерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер пәнаралық зерттеулер мен жаңалықтардың нығаюына өз үлесін қосады.

Ғылыми жобаның үздік авторлары Алматы қаласы әкімінің дипломдарымен марапатталып, ғылыми жобалары Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылыми кеңесте қаралады және тиісті ғылыми-техникалық сараптамадан өткеннен кейін Алматы қаласының өндіріс саласына енгізілуге ұсынылып, Ұлттық инновациялық қордың байқауына жіберіледі.

Үздік жоба авторларын марапаттау рәсімі келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • өндіріс аясында Алматы қаласының үздік инновациялық жобасы;
  • экология аясында Алматы қаласының үздік инновациялық жобасы;
  • тіршілікті қамтамасыз етуде ( транспорттық, ақпараттық-коммуникциялық, еңбек өндірісін көтеру мәселелерін шешу) Алматы қаласының үздік инновациялық жобасы.

Аталмыш шаралардың ұйымдастырылуы инновациялық ахуалды қалыптастыруға және Алматы қаласының өндірістік экономикасына инновациялық жобаларды тиімді енгізуге ықпал ететін заманауи инновациялық инфрақұрылымдар.

Мекен-жайымыз: әл-Фараби даңғылы, 71, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы.

Қосымша ақпараттарды алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласыңыздар: 377-33-12 (ішкі нөмірі – 11-58), 377- 33-44 (факс).

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі