Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан барлау орталығыFarabi University

Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан барлау орталығы

30 маусым, 2017

Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан барлау орталығы

Орталық бүгінде Жерді қашықтықтан барлау мәліметтерін жан-жақты зерттеуді. Олардың бірі сараптық мониторинг. Бұл жұмыс барысында  жер бетінің, ғимараттардың және құрылыстардың вертикалды ығысулары; тау мұздықтарының динамикасы; морена көлдері мен қар жамылғысы; қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары; жайылым жағдайлары, шөлдену үдерістері, қалалар құрылысы, су нысандарының жағалу сызықтары аудандарының өзгерістері анықталады.

Сондай-ақ білікті мамандар су басу аймақтарын, жайылымдарды тиімді пайдалану, климаттың өзгеру жағдайларындағы табиғи үдерістерді модельдеп, а/ш дақылдарының жағдайын, олардың өнімділігін, алқаптардағы агротехникалық жұмыстарды жүргізу уақыты және олардың тиімділігін, түздалған топырақ телімдерін, сортаңдар, тұздалу түрлерін, а/ш дақылдарының ауруларының және зиянкес жәндіктердің таралу аймағын және олардың жайылуна қолайлы аумақтарды анықтайды. Соған қоса жылдың әр мерзімдеріндегі жайылымдардың өнімділігін (түсімділігі), топографиялық карталарды жасау және жаңарту жұмыстарын жасайды.

 

Орталықпен байланыс:

Директоры: Маемерова Гульнара Маратовна,

Email: mayemerova@gmail.com 

Тел.: 8 (727) 221 31 51, 8(727) 221 15 80