ҚазҰУ көш басында

13 шілде, 2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте ке­зекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия айма­ғы мен Қазақстан жоғары оқу орын­дары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік уни­верситеті қатарына енді.

World University Rankings QS (Ұлы­британия) беделді рейтингтік агенттігі­нің зерттеу қорытындылары бойынша, әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті 236-орыннан көрініп, әлемнің 50 үздік университеті қатарына енді. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші қазақстандық уни­верситет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дә­лелдеді.
Халықаралық рейтингте универси­теттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құ­рылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, бас­қару жүйесі және еңбекті рейтингтік ба­ғалау енгізілді. Сондай-ақ жоғары әлем­дік талап­тарға сай әрі халықаралық ак­кредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары дайындалды және енгізілді, ғылыми-зерттеу жұмыс­тары белсенді жүргізілуде.
 Шетелдік рейтингілік ғылыми жур­налдарда жарияланған қазақстандық әр­бір үшінші мақала ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Мемлекеттік-жеке се­рік­тестік қағидалары негізінде бірегей нысандар салынып, университет кам­пусының ин­фра­құрылымдық құрылыстарының екін­ші кезеңі аяқ­талды.
QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлем­дегі үз­дік университеттерде зерттелуде. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым на­рығында бәсекелестікке қабілеттіліктің айқын дәлелі болып табылады.
ҚазҰУ ғылым, білім беру және иннова­циялық жетекші орталық ре­тінде ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі және екі ЖОО-ның әлемнің 200 үздік топ универ­ситеті құрамына енуі жөніндегі мемле­кеттік маңызы зор тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуде.