«Green Technilogy» жазғы мектебі

14 шілде, 2017

19 шілде күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін қолдау мақсатында «Green Technilogy» халықаралық жазғы мектебі ашылады. Оған Ұлы Жібек жолы университеттері Альянсінің ынтымақтастық туралы бағдарламасы аясында Қытайдың ірі оқу орындары атсалысады.

Қазақстанда аталмыш сипаттағы ауқымды шара алғаш рет ұйымдастырылуда. Халықаралық жазғы мектептің бірінші бөлімі 8 маусымда Гонконг политехникалық университетінде бастау алып, оған ҚазҰУ студенттері қатысқан болатын. Ендігі кезекте сабақ қазақтандық оқу орнында өз жалғасын таппақ. ҚазҰУ-дағы жазғы мектеп бағдарламасына Бейжің, Гонконг, Сиань және Тайбейден жүзден аса студенттер мен магистранттар үлкен қызығушылық білдірді. ҚазҰУ-дың жетекші ғалымдары оларға Жаңа Жібек Жолы мен «жасыл экономика» құрудағы Қазақстанның рөлі, тұрақты даму мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ағылшын тілінде дәріс оқиды.

Жазғы бағдарлама аясында «Silk Road», «Future Life, Future Leaders» жастар форумы өтеді, оның жұмысына 24 шілде күні Ұлыбритания, Түркия, Египет, ТМД елдерінен 150 шетелдік студенттер келіп қатысады. Мұнда «Жасыл энергиядан тұрақты дамуға шейін» экономикалық даму аралығындағы баланс, энергия тұтыну және тиісті экологиялық зардаптар: бес қаланың келешегі» және «Болашақ көшбасшылар үшін мәдениетаралық диалог – Қоғамға қызмет ету» тақырыптарында пікірталас алаңы ұйымдастырылатын болады.

Жазғы мектепті ойдағыдай оқып бітіргеннен кейін студенттер сертификатқа ие болады және EXPO-2017 көрмесін тамашалайды.

Жазғы мектептің ашылу уақыты: 19 шілде, басталуы сағ. 9.15

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана

 

Баспасөз қызметі