Алматы қаласының І Инновациялық конвенті

19 сәуір, 2010

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР пермьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, жоғары оқу ордалары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, өндірістік орындар мен бизнес қауымдастықтардың, қаржы мекеме өкілдерінің және студенттердің қатысуымен І Инновациялық конвент өткен еді.

Конвент бірінші рет ұйымдастырылып отыр, басты мақсат – қоғамдық, ғылыми және білім беру саласын, БАҚ өкілдерін Алматы қаласының инновациялық дамуына назар аударту.

Аталмыш шараны ұйымдастрыуда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық ұлт құру қажеттілігі жөніндегі идеясы арқау болды.

- Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде интеллектуалды мәртебе мемлекеттің басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады, - деді өз сөзінде А. Есімов. – Енді отандық нарықта білім мен ғылымның, өнеркәсіп пен бизнестің өзара қарым-қатынасын барынша нығайтатын уақыт келді.

ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов Алматы қаласына инновацияны енгізудің барлық жағдайы жасалғандығын мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда ғылыми ұйымдар мен бизнес салаларының арасында ешқандай байланыс орнатылмаған. Өзіміз білетіндей инновациялық құралдар әлем мемлекеттері мен ірі ұйымдардың негізін қалап отыр. Бізде даму инситуттары құрылғанмен, инновацияға деген сұраныс жоқ. Біздің негізгі талабымыз осы жүйені тәртіпке қойып, жүзеге асыру, - деді ректор мырза.

Әсет Исекешевтің пайымдауынша жоғары оқу ордалары осы бағытта қарым-қатынас орнату керек. Мәселен, ҚазҰУ-дың 16 жобасы ірі клмпаниялардың демеушілігімен қаржыландырған болатын.

Конвент аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, басқа жоғары оқу ордалары мен ғылыми ұйымдардың инновациялық жобалардың көрмесі ашылды. Мұндай көрмелерді ұйымдастырудың бір пайдасы – құрылтайшы мен демеушінің бірден қарым-қатынас орнатуына, белгілі бір салада инновациялық жолын табуға, арнайы мамандарға және студенттік, ғылыми, өндірістік және шығармашылық қауымға жобаны көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жоғары оқу ордаларының инновациялық құралдарды дамытудағы жастар қауымының қосар үлесі зор, осының бәрі жинақталып факультеттерде мамандырылған ғылыми-зерттеу кластерлерінің құрылуына жол ашады. Университеттің ғылыми жүйесін модернизациялау тәжірибе негізінде пәнаралық зерттеулер мен жаңалықтарды ашудың жаңа мүмкіндіктерін береді.

Алматы қаласы әкімінің ұсынысымен Ғылыми техникалық кеңесі құрылатын болды. Конвенттің төрағасы болып бір ауыздан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Б.Т. Жұмағұлов сайланды. Ғылыми-техникалық кеңестің құрамына Алматы әкімшілігінің өкілдері, жоо басшылары, ғалымдар мен бизнесмендер кіреді.

Қала әкімі үздік деп танылған жеті ғылыми жобаға сертификат берді:

1. Н.М. Темірбеков – Геоинформационная система для экологического мониторинга атмосферного воздуха города Алматы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

2. В.Е. Мессерле, А.Б. Устименко – Плазменно-топливные системы для безмазутной растопки котлов и стабилизации горения пылеугольного факела на ТЭС (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

3. Н.Т. Сыздықбеков – Создание республиканского центра прочностного анализа в машиностроении и строительстве (Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ).

4. Ж.Ә. Алыбаев Резиноасфальтобетоны на основе композиционных резинобитумных вяжущих БИТРЭК (Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ).

5. Ш.Қ. Жақипбеков – Технология получения модифицированных многокомпонентных вяжущих и бетонов на их основе для сухого и жаркого климата (ҚазГАСА).

6. Н.К. Надиров – Установки повышения энергоэкологической эффективности используемого углеводородного топлива («Қазақстан Республикасының Ұлттық инжерелік академиясы» РҚҰ).

7. Б.К. Құрманов, А.Ж. Бибосынову, Д.Т. Шығаев – Изучение напряженно-деформированного состояния верхних частей земной коры г. Алматы с помощью глобальных спутниковых систем позиционирования (GPS-технологиялар) (Ғарыштық зерттеу институты ДЖШС).

Алматы қаласының әкімі жанындағы Ғылыми кеңесте үздік деп танылған және арнайы ғылыми-техникалық тексерістен өткен жобалар Алматы қаласының өндірістік саласына өтіп, Ұлттық инновациялық қордың байқауына қатысатын болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі