Жоғары мектеп менеджерлерін даярлау жүйесін құру
28 тамыз 2017 жылы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында «Жоғары мектеп менеджерлерін жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүйесін құру Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін дамыту механизмі ретінде» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- білім беру менеджерлерін даярлау жүйесіндегі заманауи тенденциялары;
- жобаны жүзеге асыру барысында құрылған кәсіби білім беру бағдарламаларының жаңа модульдерін апробациялау;
- «Білім беру саласындағы менеджмент» қашықтықтан оқыту жөніндегі оқу бағдарламасын жасау мен жүзеге асыру тәжірибесі жайлы.
Келесі сұрақтар бойынша пікірталастар өтеді:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі жоғары мектеп білім беру менеджерлерін даярлау тұжырымдамалары;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджерлері кәсіби стандартын жасау;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан және ОА жоғары оқу орындары үшін жоғары мектептің біілм беру менеджметі саласында инновациялық білімдер мен тәжірибелерді тарату бойынша Ресурстық орталық құру арқылы ҒЗЖ нәтижелерін практика жүзінде жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен басымдылықтары
Дөңгелек үстелге Қазақстанның педагогикалық ғылымдары Академиясы өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы өкілдері, ҚР жоғары оқу орны өкілдері, отандық және халықаралық сарапшылар қатысады.
Уақыты мен орны: 28 тамыз, сағат 10:00-де. 308 аудитория. Әл -Фараби атындағы кітапхана.