Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 21 сәуір 2010 жылы ІХ Евразиялық МедиаФорумның қарсаңында жаңа медиа жобаның І студенттік медиа-форумның тұсауы кесілді. І студенттік медиа-форум Студенттік баспасөз орталығының азаматтық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға бастама алаңы, университет студенттерінің БАҚ эксперттерімен коммуникациясының жаңа форматы, сонымен қатар баспасөз саласының зерттеушілерімен ашық әрі тиімді диалог орталығы болды.
І студенттік медиа-форум аясында:
1) «Баспасөз конференциясын берудің оңтайлы жолдары» - Алматы қалалық маслихат депутаты, Қазақстанның тұтынушылар ұлттық лигасының Президенті Светлана Савченко;
2) «Медиамәдениет және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі» - Евразиялық медиа-форумның Бас продюсері Владимир Рерих;
3) «Отандық БАҚ-тың ұлттық келбеті туралы» - КТК телеарнасының редакторы Оразалы Баймұрат,;
4) «Сауатты сұхбат берудің оңтайлы әдістері» - «Шалқар» радиосының директоры - Болатбек Тілепберген жүргізген мастер-класстар өтті.
Сонымен қатар, «БАҚ-тағы студенттер: медиамәдениеттегі инновациялық үрдістің көшбасшылық тәжірибесі мен болашағы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
І студенттік медиа-форум жұмысына «Хабар» телеарнасының спорт коментаторы - Амангелді Сейтхан, «Түркістан» газетінің тілшісі – Есенгүл Кәпқызы, «Экономика» газетінің бөлім редакторы - Арман Әубакір, «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы – Анар Дүйсенбайқызы сынды Қазақстанның танымал журналистері мен қоғамдық қайраткерлері қатысты.
Сулейменова Жұлдыз