Азаматтық бақылау

12 қыркүйек, 2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12 қыркүйек күні «Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға мемлекеттің органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгер ғалымдар қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық мәселелерін реттеу, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу сияқты көптеген проблемалар талқыланды. «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырылған дөңгелек үстел, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілді.