Н.Т.Данаев атындағы шәкіртақылар лайықты иелерін тапты

13 қыркүйек, 2017

2017 жылғы 11 қыркүйек күні  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде механика және математика факультетінің ғылыммен үздік шұғылданып жүрген жоғары курс студенттері мен магистранттарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ұлттық және Халықаралық инженерлік академияларының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев атындағы шәкіртақы берілді.

Әр қайсы 100 000 тенгені құрайтын бес шәкіртақыны иемденгендер – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттері Досанов Б. мен Қадырбек Н., «Информатика» мамандығының магистратура сатысында бірінші жыл оқып жатқан Мұстафин М., Кенжебек Е. және Қасымбек Н. сияқты ізденгіш жастар.

Шәкіртақыларды тағайындаған ел ғылымының өркендеуіне көп күш-жігер жұмсаған Н.Т.Данаевтың белгілі шәкірттері – т.ғ.д., профессор Ахмед-Заки Д.Ж, ф.-м.ғ.к., доцент Мансұрова М.Е. мен деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, РһD, Иманкулов Т.С.

Ғылыммен айналысатын талантты жастарға арналған Н.Т.Данаев атындағы шәкіртақы жыл сайын академик-ғалымның туған күніне орай дәстүрлі түрде тағайындалып отырады.

Болат ӘБЕНОВ,

мехматтың имидждік тобының жетекшісі