«Тілдер фестивалі» апталығы басталды
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Тілдер фестивалі» апталығы басталды.
18-23 қыркүйек аралығында Тәрбие жұмысы жөніндегі Департаменттің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан шараның алғашқы аптадағы шымылдығын төмендегі факультеттердің кафедра ұжымы ашатын болады.
№ |
Факультет және кафедра атауы |
Іс-шараның тақырыбы |
Өтетін уақыты |
1 |
География және табиғатты пайдалану факультеті. География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы |
«Ана тілі арың бұл» пікірталас |
18 қыркүйек сағат 16.00 |
2 |
Тарих,археология және этнология факультеті.Қазақстан тарихы кафедрасы |
«Туған тілім тұғырым» атты факультет көлеміндегі ашық тәрбие сағаты |
19 қыркүйек сағат 14.00
|
3 |
Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы |
«Туған ел тұғырың, туған тіл қыдырың» атты поэзия кеші |
20 қыркүйек сағат 15.00 |
4 |
Экономика және бизнес жоғары мектебі. Экономика кафедрасы |
«Ана тілім – тірлігімнің тірегі» тақырыбында поэзиялық кеш |
19 қыркүйек сағат 19:00 |