Сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылық
«Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында ҚазҰУ-дың «Керемет» Жастар ресурстық орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сот жүйесінің қызметкерлері мен судьяларға арналған қалалық семинар-кеңес өткізеді.
Шараның мақсаты: сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, судьяларға қойылатын ерекше мәртебе мен жоғары моральдық-этикалық талаптар мәселелерін қарастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда сот органдарының рөлін талдау.
Семинар-кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері, Алматы қаласы мен аудандарының судьялары, сот жүйесінің қызметкерлері, адвокаттар алқасы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Қазақстанның жетекші заңгер ғалымдары қатысады.
Өткізу уақыты және орны: 22 қыркүйек 2017 жыл сағат 11.00, Заң факультеті, 413 аудитория.
Қосымша сұрақтар бойынша : 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com