- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» республикалық байқаудың нәтижелері шықты
ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» республикалық байқаудың нәтижелері шықты
28 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» тақырыбына арналған республикалық байқаудың нәтижелері шықты. Аталмыш байқауға жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының соғыс жылдарына арналған үздік шығармалары қатысты. Шығарма жазуда фотосуреттер мен материалдар негіз болды. Республикалық байқау 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 31 наурызы аралығында өтті.
Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасы мен «Әріптес» Үкіметтік емес ұйымдардың алматылық Конфедерациясы, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының демеушілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ әріптестер қатарында Қазақстан аумағындағы 10 үкіметтік емес ұйымдар, Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы мемлекеттік құрылымдар қолдау көрсетке болатын.
- Аталмыш шара Ұлы Жеңіс күніне арналады. Байқауға мемлекеттің 13 аймағынан 250-ден астам шығармалар қатысты. Шығарма негізіне оқушылардың соғыс жылдарының куәгерлері болған апа-аталарының әңгімесі арқау болды. Шығармалардан соғыс және еңбек ардагерлеріне деген ілтипат, қайғыға ортақтасу байқалады, әсерлі жазылған, - дейді ұйымдастыру комитетінің төрайымы ҚазҰУ профессоры Ләйлә Ахметова.
10 шығарма үздік деп танылды. Соның ішінде қазақ тілінде Аягүл Омарова (Тараз қ.), Аягөз Қадырова және Асылзада Қубаева (Батыс Қазақстан облысы), Азамат Шамгонов және Әйгерім Мұлқаманова (Ақтөбе қ.), ал орыс тілінде Нұргүл Бөкежанованың (Батыс Қазақстан облысы) шығармалары үздік атанды.
Қазылар алқасына Степногорск қаласының №4 балалар үйі тәрбиеленушілерінің шығармалары ұнады. Любовь Бессараб, Елена Тащеева және Анастасия Богданова қазақ тілінде шығарма жазған еді. Сондай-ақ қазылар алқасы байқауда республиканың аймақтарында оқитын оқушылар аса зор белсенділік танытқандығын айтты. Соның ішінде Ақмола және Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарынан қатысушылар көп болды.
1941-1945 ж.ж. – мемлекет тарихындағы маңызды жылдар. Мәліметтерге сүйенсек, соғысқа бір миллион екі жүз мың қазақстандық шақырылған екен. Әрбір екінші жауынгер, яғни алты жүз мыңға жуық адам Ұлы Отан соғысынан қайтып оралмады.
Ұлы Отан соғысы арадгерлерінің кейінгі ұрпағы қиын-қыстау жылдардың сұм оқиғаларымен жақсы таныс. Әрбір екінші үйде Ұлы Отан соғысының батыры бар. Айтылған әңгімелер, суреттер мен хаттардан әсер алған жас буын өкілдері осы деректерді шығармаға арқау етті. Байқауға қатысқан барлық шығармалар жастардың жеңіс күніне өз тарапынан қосқан үлесі деп білеміз. Бұл жастар бойындағы отанына деген сүйіспеншілігі және ардагерлерге деген құрметі.
Байқауға қатысқан шығармалардың толық нұсқасымен ЮНЕСКО кафедрасының сайтында unesco-kaznu.ucoz.kz таныса аласыз. Байқаудың ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сайтында http://www.kaznu.kz/ru/1137/news/ бар.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі