- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің құрметті өкілі Даниэль Парисс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясында болды
Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің құрметті өкілі Даниэль Парисс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясында болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының арнайы шақыруымен 2010 жылдың 11 мамырында Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің өкілі Даниэль Парисс ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясын көріп қайтты.
Даниэль Парисс мырза Бельгия Әмірлігінің наннотехнология саласын дамытуда демеушілік көрсеткісі келетін ірі компаниялардың өкілі ретінде арнайы іс-сапармен келген болатын. Бас қосуда ННЛОТ және зерттеу жұмыстарының бағытын анықтау, орнатылған қарым-қатынасты әрі қарай дамыту жолдары талқыланды.
Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің құрметті өкілі Даниэль Парисс мырза екі мемлекет үшін бұл қарым-қатынастың тиімділігін атап өтті. Өкілдің айтуынша, Қазақстан кеңестік заманнан кейінгі нанотехнология саласында Бельгия мемлекетімен байланыс орнатып келе жатқан жалғыз мемлекет. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясының базасында осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасы жоғары бағаланып келеді.
Пікір алмасуда бионанотехнология, наноматериалдар, полимерметалдық жүйелердің ноноқұрылымын алуға мүмкіндік беретін химиялық тәсілдер, катализатордың көміртекті наноқұрылымы қарастырылды. Өкіл өз кезегінде наноғылым мен нанотехнология саласын дамытатын екі жақтың бірлескен қазақстандық-бельгиялық үйлестіруші орталығын ашуды ұсынды.
Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарын биылғы жылдың күзінде Брюсселде өтетін ғылыми көрмеге атсалысуға шақырды.
Мәди Теребаев,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
ғылыми жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы