Инновациялық кеңес жетістікке жетуде

7 маусым, 2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Алматы қаласының әкімшілігіне қатысты жаңа технологиялар және инновациялар бойынша алғашқы кеңесінде инновация саласына қомақты қаржыны тарту және өзекті ғылыми жетістіктерді пайдалану мәселелері қарастырылды. Бас қосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдіманов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Б. Т. Жұмағұлов басшылық етті.

Кеңестің ашылу рәсімінде Серік Сейдіманов аталмыш бас қосудың маңыздылығын ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жолдарын қолдаумен түсіндірді.

Кеңес төрағасы Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде аталмыш жиынның мәнін толықтыра түсіндірді. Оның пайымдауынша, осы саланы дамытуда қаржы мәселесі бірінші орында тұр, сондықтан кіші-гірім бизнеске жеңілдіктер мен преференция жасау керек. Бизнес және ғылым саласы арасындағы қарым-қатынасты орнату үшін алдымен бизнестегі сұранысты анықтап, оған қажетті ғылыми құралдарды жұмылдыру қажет. Сондай-ақ, мемлекеттегі және шетелдегі инновациялық өңдеулерді іздеу және жүзеге асыру жолдары талқыланған болатын. Осы негізде кеңестің жұмыс жоспары жасалу керек деді басшылар.

Академик Надыр Надыров баяндамада ұсынылған идеялардың жүзеге асатындығына сеніммен қарап, отандық ғалымдардың жұмыстарына қолдау көрсету керектігін атап өтті.

ҰҒА Президенті Мұрат Журинов аталмыш кеңестің уақытында орын тауып, аяқталған ғылыми еңбектерді бизнес саласына енгізуді ұсынды.

Жалпы бас қосуда инновациялық дамудың өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды. Өнеркәсіп пен бизнес саласына арнайы жасалған ғылыми жұмыстарды ендіру жолдары анықталды. Соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, АТУ, ҚазГАСА ғалымдарының еңбектері.

Жиынға Алматы қаласының әкімшілігіне қатысты жаңа технологиялар және инновациялар бойынша кеңестің мүшелері, жетекші университеттердің ректорлары, ҚР ҰҒА академиктері, ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдері қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі