Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форумының аясындағы «Наурыз-адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде» атты халықаралық ғылыми конференциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және мұражайтану кафедрасының профессор м.а. т.ғ.д. Б.К. Қалшабаева арнайы шақыртумен қатысып қайтты.
Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық әкімшілігі мен Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырылған
Форумда Венгрия, Польша, Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, т.б. елдерден ғалымдар мен басқа да салалардағы қонақтар қатысты. Аталмыш шараны облыс әкімі Н.А. Ноғаев ашып, онан әрі түрксой төрағасы Д. Қасейінов жалғастырды. Конференцияда қазақ халқының ұмытылып бара жатқан материалдық емес мұраларын жаңартудың маңызды екендігіне баса назар аударылды. Атырау қаласының алаңында наурызды айшықтайтын сахналық көріністер көрсетіліп, «Мереке феноменін зерделеудің теориясы мен әдістемесі», «Еуразия халықтарының көктемгі күнтізбелік әдет-ғұрыптарындағы кейіпкерлер, құрылымы мен мифологиясы, жалпылама ерекшеліктері» секциялар бойынша баяндамалар оқылып, көптеген ұсынстар ұсынылды.
Археология, этнология және мұражайтану кафедрасы