Жұмыс берушілер ҚазҰУ-дың мамандарды дайындау сапасын жоғары бағалайды
Ұлттық аккредатциялау орталығы Қазақстан Республикаксы жоғары оқу орындарының бакалавр білім сатысында маман дайындау рейтингісінің жалпыұлттық қортындысын жариялады. Нәтижесінде алға шыққан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 29 білім бағдарламасы талаптары бойынша көшбасшы танылып, бірінші орынды иеленді.
Мансап секторы жыл сайын түлектердің кәсіби деңгейіне жұмыс берушілердің пікірін білу үшін анкета жүргізеді. Анкетаға Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген 500-ден астам жұмыс берушілер қатысады. Жұмыс берушілер ҚазҰУ түлектерінің кәсіби деңгейі жоғары, тілдік қоры бай, ғылыми және әлеуметтік әлеуеті дамыған деп бағалап, ҚазҰУ түлектерінің ғылым және экономика саласына қосар үлестері зор деп сенім артады. Кәсіби талап, оқу орнындағы оқу жоспарлары толығымен жұмыс берушілердің талаптарынан шығады.
Жыл сайын өтетін Жұмыс берушілер кеңесінде ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов кеңес мүшелеріне студенттердің тәжірибеден өтіп, қаржылай қолдау көрсетіп жүрген еңбектері үшін университеттің естелік дипломын табыс етеді. Ағымдағы жылы естелік диплом “ҚазАтомПром” ҰАК, «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» консорциумына және “ҚазМҰнайГаз” ҰК табыс етілді.
Мансап секторы