MANECA-ҚазҰУ жобасы Еуропалық Комиссия тарапынан қаржылай қолдауға ие болды

23 шілде, 2010

ҚазҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен Берлин техникалық университетінің ЕРАЗМУС Мундус бағдарламасы аясында жасалынған «Mobility Academic Network between EU and Central Asia» - MANECA жобасы Еуропалық Комиссия тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

MANECA жобасы ҚазҰУ мен Еуропалық Одақ университеттері арасында студенттерді алмастырып оқытудағы өзекті жоспарларды қамтиды. Студенттер мен ғалымдардың халықаралық белсенділігін қолдай отырып, жоба еуропалық және шетелдік студенттердің ғылыми өрлеуіне демеу болуды мақсат етеді. Жоба Болон үдерісінің барлық талаптарына сай келеді.

Сонымен қатар, жоба аясында АҚШ, Еуропа, Жапония және тағы да басқа елдердің жетекші университтерімен келісе отырып жаңа оқу бағдарламалары да жасалынды.

Мансап секторы