ҚазҰУ жоғары білім сапасы бәсекесінде алдына жан салмайтын көшбасшы екендігін Сапалы біліммен қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 2010 жылғы рейтингтік көрсеткішін анықтау барысында тағы бір мәрте дәлелдеп берді. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы көпсалалы және маңызды университеттер арасында барлық талаптар бойынша сапалы көрсеткіш байқатып, бірінші орынға ие болды. Бұл рейтингтік іріктеуге қазақстандық 132 жоғары оқу орыны қатысқан.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін жемісті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін деп тілейміз!
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024