- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек.
Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек.
Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек. Бұл туралы KPMG компаниясының HR–маманы Дариға Кенбаева экономика және бизнес факультеті деканының орынбасарымен кездесу барысында хабарлады. Маманның айтуынша биылғы қыркүйек айынан бастап жас мамандарды іріктеу бағдарламасы қолға алынбақ. Бұл жоба экономика және бизнес, халықаралық қатынастар, механика-математика факультеттерінің 3,4 курстарына арналмақ. Сонымен қатар аталмыш жобаға магистранттар және PhD докторанттары да қатыса алады. Айтулы бағдарламада дәріс оқу және іскерлікке құрылған презентациялар мен ағылшын тілінде жазылған эссені ұсыну, кейс тапсырманы шешу сияқты тапсырмалар қарастырылады.
Компания ең белсенді қатысушылардың еңбек өтілімінен өтуіне мүмкіндік жасап, сол кезеңдерге ақша төлеуге дайын. Толық ақпаратты университеттің мансап офисінен алуға болады.
KPMG компания ҚазҰУ-дың жұмыс беруші Кеңесінің мүшесі болып табылады. Кеңестің басты қызметі жұмыс беруші компаниялармен бірлесе отырып еңбек өтілімі тәжірибесінің аясын кеңейтіп, ғылыми-зерттеу бағдарлама және халықаралық жоба атқару, оқу жүйесін жұмыс берушілердің талабына бейімдеу, маман дайындайтын білім бағдарламаларын өңдеу болып табылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі