«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде жақында Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) делегациясы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істеуде.
Келген делегация құрамында Қазақстандағы TIKA жетекшісі әрі бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және тағы басқалар бар.
Түркиялық делегацияның мақсаты - қазақстандық жетекші университетпен минералдық ресурстар мен тағы басқа сала бойынша тиімді жұмыстар жасау болып табылады.
Кездесу барысында әріптестер танымдық, ғылыми, біліми ортақ жобаларды талқылап, кәсіби тәжірибемен алмасу сияқты талаптарды қарастырған.
Сондай-ақ бүгінгі күні ҚазҰУ мен TIKA арасында әріптестік меморандумға қол қойылған.
Түркиялық ірі басқарма агенттігінің ҚазҰУ-ға кезекті келуі жетекші университеттің ғылымы мен білімін мойындағандығын аңғартады.