«Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

15 қыркүйек, 2010

Құрметті әріптестер!

Ұйымдастыру алқасы Сіздерді Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2010 жылдың 4-5 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өрелі және биік тарихи тұлғасын бүгінгі күн талабына сай терең және жан-жақты зерделеу, өнегелі өмір жолын жастарға насихаттау.

Конференция аясында төмендегідей секциялардың жұмысы жоспарланған:

1. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі

2. Әдеби және ғылыми мұралары

3. Бауыржан Момышұлы және қазіргі кезең

Конференцияның жұмыс тілдері:

Қазақ, орыс және ағылшын тілі.

Баяндама тезисін дайындаудың үлгісі:

Бет жиегі: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 3 см; Шрифт (тезис атауынан өзгесі): Times New Roman, көлемі – 14; аралығы – біреу; баяндама тезисінің атауы қалың 14 көлеммен ортасында қалың шрифтімен бас әріппен; бір жолдан кейін кіші әріппен қалың шрифтімен автордың фамилиясы, аты-жөні; келесі жолда жұмыс орны (толық), қала, ел аты; одан кейінгі жолда көлбеу шрифтімен кіші әріппен E-mail; бір жолдан кейін – негізгі мәтін; бір жолдан кейін бас әріппен қалың шрифтімен «Әдебиет тізімі» атауы; бір жолдан кейін – әдебиет тізімі басылады.

Конференцияға қатысушылардан баяндамасының тақырыбы мен өзі туралы мәліметтерді 15 қыркүйекке дейін төмендегі адрестерге жіберулеріңізді сұраймыз. Конференцияға қатысушылардың баяндамаларының тезистері конференция материалдарының жинағында жарияланады. Тезистер басылым үшін 2010 жылғы 1 қазанға дейін келесі талаптар сақталып, ұйымдастыру алқасына мына адрес бойынша тапсырылуы керек: Saule-Uderbaeva@mail.ru, Nurlihan80@ mail.ru

Тіркелу жарнасы Конференцияға қатысушылар үшін тіркеу жарнасы 3000 теңге. Тіркеу жарнасы Конференцияға келген күні тіркелу кезінде төленеді.

Интернетке ену мүмкін болмаған жағдайда мәлімдеменің қосымша тіркеу формасын толтырып, Ұйымдастыру алқасына төменде көрсетілген адрес бойынша жіберу керек:

050038, Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-3, тарих факультеті, 423-кабинет, 4/6 . Жаңа, қазіргі заман және Тәуелсіз Қазақстан тарихы кафедрасы.

Анықтама телефоны: + (727) 377-33-38 (ішкі – 1287).