15 қыркүйек, сағат 17.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтеді.
Биылғы жылы ҚазҰУ-дың студенттер қатары Қазақстанның барлық аймақтарынан келген ең үздік мектеп түлектерімен толықты. Университет 2010-2011 оқу жылына 3200 мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, биылғы жылы қабылдау науқанының көшбасшысы атанды. Қазақстанның жоғары білім беру тарихында мұндай жетістікке бір де бір жоғары оқу орындары қол жеткізген емес. Олардың қатарында 700-ден аса «Алтын белгі» иегері, ҚазҰУ-дың ірі жобаларының бірі болып табылатын «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары мен әртүрлі халықаралық және республикалық олимпиада иегерлері және 90 ректор грантының иегері бар. Сонымен қатар осы жылы ҚазҰУ-дың спорт командасының қатары біздің бірінші курстардың ішінен 10 спорт шебері, 22 чемпион мен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары, машықтанған шеберлермен толықтырылды! ҚазҰУ-дың студенті қатарына қабылданып жатқан бірінші курстарды ректор элиталы гвардия деп атауы да тегін емес. Олар қазақстандық мектеп түлектерінің нағыз көшбасшылары. Бүгінде олар көшбасшы оқу орнының студенті атанып отыр.
Студенттер қауымының элитасын құрап отырған бұл бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау шарасы да жылдағыдан өзгеше бағыт алып отыр. Қазақстандық өзге де жоғары оқу орындары арасында алғаш рет бірінші курстардың тұңғыш студенттік вальсі қолға алынды. Сонымен қатар алғаш рет факультет декандарының бастауымен студенттік қалашықтың орталық алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің шеруі болады. ҚазҰУ-дың студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасына қатысушылар саны 5000-нан асады.
Кештің ең салтанатты сәті элиталы гвардияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов студенттік билет, сынақ кітапшасы мен білім кілтін тапсырып, бірінші курс студенттерін әлемдегі ең берік, ең тапқыр және ең көңілді армияның – ҚазҰУ студенттер армиясының толыққанды мүшесімен атануларымен құттықтауын жеткізеді.
Студенттер қатарына қабылданған элиталы гвардияны құттықтау үшін шақырылатын қонақтар құрамында Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов, Бостандық ауданының әкімі З.Ж Аманжолова. ҚазҰУ-дың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшелері, ҚазҰУ түлектері ассоциациясының төрағалары және БАҚ өкілдері мен ҚазҰУ қызметкерлері келеді.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі