Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ҚазҰУ студенттері халықаралық ISIC-картасы - электронды студенттік билетке қол жеткізетін болады

16 қыркүйек, 2010

17 қыркүйекте Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеңесі өтеді, онда университеттің болашағы және даму жолдары талқыланатын болады.

ҚазҰУ-дың жастар интернет орталығында Қамқоршы кеңесінің өкілдеріне ақпараттық технологиялық жобалардың жаңа құрылғысы ұсынылатын болады. Тұсау кесер рәсіміне Кеңестің төрағасы ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, премьер-министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технология министрі Әсет Исекешев, ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нүкетаева, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев қатысады.

Қазақстан бойынша ең алғашқы болып ҚазҰУ студенттері электронды студент билеттерін алатын болады.

Бұл картаның мүмкіндіктері зор - ISIC (халықаралық студенттік картасын) және университет ішінде жұмыс істейтін студенттік билеттің, оқу ғимараттары мен жатақханаларға кіруге, оқу залдары мен халықаралық электронды кітапханаларды пайдалануға, тауар мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, банк төлеу картасының қызметін атқаруға рұқсат береді.

ISIC студенттің өмір стилін құрайтын нағыз құжат. ISIC-картасы арқылы студенттер шегерімдер мен білім беру қызметтеріне, ойын-сауыққа, электронды коммерция мен саяхатқа баруға жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

Мекен-жайымыз: 2010 жылдың 17 қыркүйегі, сағ. 15.00. әл-Фараби,71, ҚазҰУ қалашығы, ҚазҰУ-дың Жастар интернет орталығы.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі