"Ана тілі" Ұлт газеті

23 қыркүйек, 2010

Олар студент атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биылғы жылы алты мыңға жуық студент қабылданды. Олардың бір мыңы – «Алтын белгі» иегері.

Жақында оқу орнында жастарды студент қатарына қабылдауға арналған мерекелік шара өтті. Кеш барысында университеттің білімдегі, қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері кеңінен айтылды. Өнерпаз жастар жұртшылық алдында би билеп, ән шырқады, күй төкті. Мерекелік шарада білім ордасының басшысы, акадеким Б.Т.Жұмағұлов сөз сөйлеп, оқу орнының табалдырығын аттаған бірінші курс студенттеріне сәттілік тіледі.